Бокстан Азия чемпионаты: 4 қазақстандық жартылай финалда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия чемпионатында қазақстандық тағы төрт спортшы жарысты жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін шаршы алаңға ел құрамасы сапынан бес боксшы шыққан болатын. Олардың арасынан төртеуі жартылай финалға жолдама алды.

Алдымен Сәкен Бибосынов (52 келі) Шри-Ланка елінен келген Ласинду Эранданың осал тұсын тапты. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Біріккен Араб Әмірлігінің өкілі Хусейн Аль-Кандариді Қазақстандық тағы бір боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) үндістандық Ашиш Кумардан басым түссе, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) үндістандық Нарендерден мықты екенін көрсетті.

Құрлықтық додада 81 келіде сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов ирандық Мейсам Гешлагиге есе жіберіп қойды.

Айта кетсек, кеше, 25 мамырда қазақстандық бес боскшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Қазақстандық Даниял Сәбит (49 келі), Василий Левит, қыздар арасында Назым Қызайбай (51 келі), Римма Волосенко (60 келі) жартылай финалға шыққан болатын.

Еске салсақ, Азия чемпионаты Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында 24 мамырда басталды. Ол 31 мамырға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар