Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада өткен жарысқа әр өңірден келген 76 боксшы қыз қатысты. Биылғы бокс додасы жылдағыдан аса қатты ерекшелене қойған жоқ. Ұлттық құрама сапында жүріп халықаралық турнирлерде жүлде алып жүрген қыздар мықтылықтарын тағы бір дәлелдеді. Жанкүйерлер күтпеген сый жасап, жарқ ете қалған боксшы қыздар бірең-сараң болды. Финалдық жекпе-жектер алдында Қазақстан бокс федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтіп, елімізде әйелдер боксының даму жай-күйі талқыланды.

«Ел чемпионатының қорытындысы бойынша 10 салмақ дәрежесінде өткен жарыста жалпыкомандалық есепте Астана қаласының боксшы қыздары көш бастады. Олар 3 алтын 2 күміс медаль жеңіп алды. Алматы қаласынан барған боксшы қыздар 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен екінші орыннан көрінді. Үздік үштіктен Ақмола облысы көрінді. Олар 2 алтын 3 қола медаль еншіледі», - делінген хабарламада.

Тартысты сайыста қызылордалық Ақерке Бақытжан (69 келі) мен қарағандылық Милана Сафронова (64 келі) ел чемпионатында алғаш рет топ жарды. Ақерке финалда алматылық Баян Ақбаевадан басым болса, Милана Азия чемпионы Мәдина Нұршаевадан мықты екенін дәлелдеді. Тағы бір айта кететіні, Милана Сафронова кәсіпқой бокста да мансабын бастап үлгерген спортшылардың бірі. Екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де тең аяқтады. Сондай-ақ биылғы ел чемпионатына кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Балауса Мұздиман да қатысты. Ол 54 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша алдағы Азия ойындары мен әлем чемпионатына қатысатын боксшы қыздар іріктелетін болады.

2018 жылғы ел чемпионатының жеңімпаздары:

48 келі:

Алтын - Әйгерім Қасенаева (Ақмола облысы)

Күміс - Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы)

Қола - Ақерке Құсайынова (Алматы), Алина Тұрлыбаева (Павлодар)

51 келі:

Алтын - Назым Қызайбай (Алматы облысы)

Күміс - Жайна Шекербекова (ОҚО)

Қола - Дариға Пішеншинова (ШҚО), Ангелина Лукас (ОҚО)

54 келі:

Алтын - Дина Жоламан (Ақмола облысы)

Күміс - Аида Тұяқбай (ОҚО)

Қола - Рано Пархатова (Алматы), Балауса Мұздиман (Алматы облысы)

57 келі

Алтын - Сания Сұлтанқызы (Астана)

Күміс - Назым Ищанова (Атырау облысы)

Қола - Владислава Кухта (Қостанай), Дәметкен Келімбет (Қызылорда)

60 келі

Алтын - Римма Волосенко (Астана)

Күміс - Айжан Қожабекова (Қарағанды облысы)

Қола - Жанна Баскаева (Маңғыстау облысы), Карина Ибрагимова (Ақмола облысы)

64 келі

Алтын - Милана Сафронова (Қарағанды облысы)

Күміс - Мәдина Нұршаева (ОҚО)

Қола - Сандуғаш Әбілхан (Тараз), Ләйлә Құсайынова (Тараз)

69 келі

Алтын - Ақерке Бақытжан (Қызылорда облысы)

Күміс - Баян Ақбаева (Алматы облысы)

Қола - Шынар Юлдашева (Атырау), Әлия Әбдірайымова (Астана)

75 келі

Алтын - Дариға Шәкімова (Алматы облысы)

Күміс - Аида Оңдаш (Қызылорда)

Қола - Салтанат Естаева (ОҚО), Сания Әлжанова (Ақтау)

81 келі

Алтын - Фариза Шолтай (ОҚО)

Күміс - Анастасия Рылина (Қостанай облысы)

Қола - Мөлдір Базарбаева (Ақмола облысы), Алтын Мұқышбекова (Астана)

+ 81 келі

Алтын - Ләззәт Күнгейбаева (Астана)

Күміс - Умида Садықова (Алматы облысы)

Қола - Ақбота Исағұлова (Қарағанды), Надира Маратова (Алматы облысы)

Соңғы жаңалықтар