Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күнтізбесі жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік дода 15-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткізіледі.

Жарыс барысында 15 наурызда турнирдің ашылу салтанаты, жеребе тарту рәсімі және салмақ өлшеу шарасы ұйымдастырылады. Ал 16-22 наурыз аралығында екі сессия бойынша боксшылар қолғап түйістіреді. Елорда уақытымен 14:30-да күндізгі, 18.30-да кешкі сессия болады.

Әлем чемпионатында 23 наурызда жартылай финал өткізілсе, 25-26 наурызда чемпиондар анықталады.

Айта кетсек, ел құрамасы сапында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Надежда Рябец (66 келі), Мадина Нұршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Ляззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар.


Соңғы жаңалықтар