Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионаты 8-21 мамыр аралығында Түркияның Стамбул қаласында өткізіледі. Дүбірлі додада қазақстандық боксшылар 12 салмақта жүлдеге таласады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Шәміл Сафиуллин Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) сыны шәкірттеріне сенім артып отыр.

Әлем чемпионатына дүниежүзінің 84 мемлекетінен 400-ге тарта былғары қолғап шебері келеді деп жоспарланып отыр.

Аталған турнир 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазақстан құрамасы қазірге дейін барлығы 51 медаль еншіледі. Олардың 14-і алтын, 15-і күміс, 22-і қола.

Еске салсақ, бұдан бұрын BoxRec үздік қазақстандық боксшылар рейтингісін жаңартты.



Соңғы жаңалықтар