Бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, біріншілікке әр өңірден 104 былғары қолғап шебері қатысып, ұлттық құрамаға қосылу үшін барын салды.

Олардың арасында Олимпиада жүлдегерлері, әлем және Азия чемпионатының жеңімпаздары болды. Тек Азия чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Карина Ибрагимова ғана Қостанайға келген жоқ. Ол 11 желтоқсанда Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) өткізген алғашқы «Чемпиондар түні» жобасында жұдырықтасқан болатын.

Чемпионат қорытындысында мына боксшылар өз салмақ дәрежелері бойынша үздік атанды.

-48 кг

1. Алуа Балқыбекова (Алматы қ.)

2. Әнел Құдайберген (Жетісу)

3. Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл)

3. Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды).

-50 кг

1. Назым Қызайбай (Алматы қ.)

2. Мөлдір Тойкова (Алматы қ.)

3. Алина Аманбаева (Абай)

3. Гүлнар Тұрапбай (Қарағанды).

-52 кг

1. Жазира Орақбаева Жазира (Алматы қ.)

2. Еркежан Дәулетжанқызы (ШҚО)

3. Жансая Рахымберді (Шымкент)

3. Рано Пархатова (Алматы қ.).

-54 кг

1. Жайна Шекербекова (Шымкент)

2. Әнел Сақыш (Алматы қ.)

3. Айшагүл Елеубаева (ШҚО)

3. Балауса Мұздиман (Алматы обл.).

-57 кг

1. Сәния Сұлтанқызы (Астана)

2. Виктория Графеева (Алматы қ.)

3. Адина Қалдыбай (Жамбыл)

3. Гаусар Жаку (Астана).

-60 кг

1. Владислава Кухта (Қостанай)

2. Римма Волосенко (Астана)

3. Назым Ищанова (Атырау)

3. Айдана Забынбекова (Ақтөбе).

-63 кг

1. Аида Әбікеева (Астана)

2. Лаура Есенкелді (Шымкент)

3. Назерке Серік (Жамбыл)

3. Аида Жолдасова (Астана).⠀

-66 кг

1. Надежда Рябец (Қостанай)

2. Наталья Богданова (СҚО)

3. Милана Сафронова (Қарағанды)

3. Дариға Шәкімова (Алматы қ.).

-70 кг

1. Мәдина Нұршаева (Шымкент)

2. Жасмин Қизатова (Қарағанды)

3. Балжан Асқар (Жамбыл)

3. Екатерина Анисимова (Қостанай).

-75 кг

1. Валентина Хальзова (Астана)

2. Жібек Жарасқызы (Жамбыл)

3. Аида Сарибарова (Түркістан)

3. Диана Дарханқызы (Жетісу).

-81 кг

1. Фариза Шолтай (Шымкент)

2. Гүлсая Ержан (Қызылорда)

3. Мөлдір Базарбаева (Ақмола)

3. Дана Дидай (Шымкент).

+81 кг

1. Ләззат Күнгейбаева (Астана)

2. Дина Исламбекова (Шымкент)

3. Валерия Аксенова (Ақмола)

3. Диана Мағауяева (Шымкент).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Қазақстан чемпионатында ағайынды жігіттер жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар