Бокстан ауыр салмақта әлем чемпиондығына үміткер қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы, ауыр салмақта әлем чемпиондығына бұрынғы үміткер Дэвид Бей құрылыстағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Nj.com.

Оқыс оқиға өткен сәрсенбі күні Нью-Джерсиде болды. 60 жастағы бұрынғы боксшының үстіне болат табақ құлап кеткен. Ол соңғы кездері  шеберлердің көлік жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген еді.

1981 жылы Бей кәсіби деңгейдегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 1990 жылы Майк Тайсонды нокаутқа жіберген Джеймс Бастер Дагластан басым түскен. 1985 жылы Бүкіләлемдік бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша әлем чемпиондығы үшін айқасып, Бей Ларри Холмсқа 10-раундта техникалық нокаутпен есе жібереді. Боксшы соңғы кездесуін 1994 жылы Дэвид Джакоға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңген.

Соңғы жаңалықтар