+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионын маңғыстаулықтар қошеметпен күтіп алды

2019 жылғы 24 қыркүйек 04:38
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионын маңғыстаулықтар қошеметпен күтіп алды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау әуежайына облыс әкімі Серікбай Трұмов бастаған 100-ден астам маңғыстаулық жиналып, бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовті күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Әлем чемпионаты: Дариға Шәкімова алғашқы жеңісіне жетті Мен бапкер әзірлеген тактиканы ұстануға тырыстым - Абылайхан Жүсіпов Қазақстан бокстан Әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Жиналғандардың қошеметі мен ыстық ықыласы зор болды. Қолдарына плакат ұстап, көк байрағымызды желбіреткен жастар «Бекзат» деп айқайлаумен болды.

Ұшақтан түскен бойда шашу шашылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Бекзат пен бапкері Марат Жәкиевті күтіп алғандар құттықтау лебізін жаудырды.

Кездесу кезінде бірінші болып сөз алған аймақ басшысы былғары қолғап шебері Бекзат Нұрдәулетовке барлық маңғыстаулықтардың атынан алғыс айтып, шын жүректен ризашылығын білдірді.



«Төбеміз көкке жеткендей болды, қуанышымыз құтты болсын! Әрине, Маңғыстаудың мерейін асырып, мәртебесін асқақтатқан спорт саңлақтарымыз бар. Бірақ, оның ішінде Бекзаттың орны ерекше. Әр қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Оның ішінде кубалықты жеңгені тіпті керемет»,-деді Серікбай Трұмов.



Бекзат Нұрдәулетов қарсы алуға келген барлық жанкүйерлер мен өңір басшысына ризашылығын білдіріп, «бұл Жеңісті барлық қазақстандықтарға арнаймын» деді.

Айта кетейік, Бекзад Нұрдәулетов 81 кг салмақта ақтық финалға жолдама алып, кейін финалда жеңіске жеткен болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT