Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев шаңырақ көтерді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев шаңырақ көтерді. Спортшының үйлену тойы кеше Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Бұл туралы былғары қолғап шеберінің өзі ҚазАқпарат тілшісіне айтты.

Әсем деген аруды қолына қондырған боксшының дүбiрлi тойына спорттағы достары, бапкерлер қауымы, спорт ардагерлерi, жалпы игi жақсылар көптеп жиналды. Олар жаңадан шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жас жұбайларға ізгі лебіздерін жеткізді. Боксшының жағымды жаңалығымен өзімен қатар әріптестері де бөлісті. Солардың бірі Әділбек Ниязымбетов желіде «Қайрат бауырым, бүгін үйленіп жатыр. Бақытты бол, спортта еңбегің сіңді, енді өмірде де халқымызға еңбегің сіңсін», - деп жылы лебізін арнады.

Айта кетейік, 28 жастағы спортшы Шымкенттің іргесіндегі Жұлдыз аулында туып өскен. Бірнеше әлемдік додаларда топ жарып жүрген спортшы 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиадаға қатысып, 2017 жылы Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионтында әлем чемпионы атанған болатын.

Фото: www.instagram.com/niyazymbetovadilbek

Соңғы жаңалықтар