Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әскери борышын өтеуге аттанды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық 32 жас әскери борышын өтеуге Шымкент қаласына аттанды. Олардың ішінде бокстан әлем чемпионы, маңғыстаулық спортшы Бекзат Нұрдәулетов те бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшы «Ұлттық ұлан» қатарында Отан алдындағы борышын өтейді. Алдағы жарыстардың бәріне ол әскер қатарында жүріп дайындалады.

«Әр азамат әскери борышын өтеуі тиіс деп санаймын. Елімізді абыроймен қорғап, үйімізге аман-сау келеміз деген ойдамын»,-дейді Бекзат Нұрдәулетов.

«ҚР Ұлттық ұлан қатарына Шымкент қаласындағы 6505 әскери бөліміне жіберейін деп жатыр. 32 азамат кетеді. Әскерге шақыру науқаны Елбасы жарлығына сәйкес, 2019 жылғы қыркүйек айынынан бастап желтоқсанның аяғына дейін жалғасады»,-дейді облыстық қорғаныс ісі жөніндегі департамент басшысының орынбасары Шымболат Ақмұратов.

Соңғы жаңалықтар