Бокстан әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 8 қыркүйек техникалық жиын, ресми жеребе тарту рәсімі, салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Ал негізгі шаршы алаңдағы жекпе-жектер 9 қыркүйек күні басталады.

Жарыс кестесі төмендегідей:

9-17 қыркүйек, іріктеу сыны (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты көрсетілген)

Күндізгі сессия – 14.00

Кешкі сессия – 19.00

18 қыркүйек, ширек финал

Күндізгі сессия – 17.00

Кешкі сессия – 20.00

19 қыркүйек – демалыс күні

20 қыркүйек, жартылай финал

Күндізгі сессия – 17.00

Кешкі сессия – 20.00

21 қыркүйек

Финал – 17.00-20.30

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар