Бокстан әлем чемпионатының тоғызыншы күні қалай қорытындыланды

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының тоғызыншы жарыс күні, 9 мамырда Қазақстан құрамасы мен олардың қарсыластары қандай ойын көрсетті? Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі сараптап көрді.

Ел құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шықты. Олардың арасынан Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Сачин Сивачты, Дулат Бекбауов (67 келі) сол елдің тағы бір өкілі Акаш Сангванды тізе бүктірді.

Ал, Асланбек Шымбергенов (71 келі) Израильден келген Мирослав Капулер-Ищенконы, Нұрбек Оралбай (80 келі) түркиялық Каан Айкутсунды жеңсе, Нұрқанат Райыс (75 келі) бразилиялық Вандерлей Перейраға есе жіберді.

Өзбекстан құрамасынан Хасанбой Дусматов (51 келі) кубалық Эрислана Ромероны, Ойбек Джураев (54 келі) албаниялық Ариола Зенелины, Асадхуджа Муйдинхуджаев (67 келі) беларусь Кирилл Самодуровутан басым түсті. Сондай-ақ, Алохон Абдуллаев (75 келі) сербиялық Альмир Мемичті қапы қалдырса, Саиджамшид Джафаров (71 келі) пуэрторикалық Габриэль Льяноспен жекпе-жек өткізбестен жарыстың келесі сатысына өтті.

Әлемдік бокста өз орнын еншілеген Куба сапынан Эрислана Ромеро жеңілісінен өзге қарсыласына есе жіберген боксшы тіркелген жоқ. Атап айтқанда, Йосвани Вейтия (54 келі) түркиялық Энвер Музаффарды, Роньель Иглесиас (67 келі) эквадорлық Джанкарло Анчико Минаны, Арлен Лопес (80 келі) венгриялық Палом Ковачтан басым түсті. Оған қоса, Хорхе Куэльяр (71 келі) эквадорлық Хосе Родригесті, Йоэнлис Эрнандес (75 келі) моңғолиялық Отгонжаргал Жаргалдан айласын асырды.

Соңғы жаңалықтар