Бокстан әлем чемпионатының cегізінші күні қалай қорытындыланды

None
Фото: instagram.com/drs_kz
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының сегізінші жарыс күні, 7 мамырда Қазақстан құрамасы мен олардың қарсыластары қандай ойын көрсетті? Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі сараптап көрді.

Ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) өзбекстандық Шодиержон Меликузиевті жеңсе, Сағындық Тоғамбай тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевқа есе жіберді.

Әлем чемпионатын Махмуд Сабырхан (54 келі) сәтті бастап, алғашқы жекпе-жегінде венгриялық Иштван Сакуды жеңді.

Ал, Өзбекстан құрамасынан Ойбек Джураев (54 келі) сербиялық Тамир Галановты, Мужибилло Турсунов (60 келі) марокколық Мохамед Амутты, Лазизбек Муллажонов (92 келі) грузиялық Гиорги Чигладзені тізе бүктірді.

Сондай-ақ, Ресей құрамасынан Дмитрий Двали (54 келі) иорданиялық Заид Альбитардан, Эдмонд Худоян (48 келі) марокколық Хамза Эссаадиден, Всеволод Шумков (60 келі) әзербайжандық Тайфур Алиевтен басым түсті. Оған қоса Муслим Гаджимагомедов (92 келі) қытайлық Хань Сюэчжэняның осал тұсын тапса, Шарабутдин Атаев кениялық Магангу Сабатаны қапы қалдырды.

Әлемдік бокста алдыңғы қатарда жүретін Алехандро Кларо (48 келі) Мозамбик елінен келген Нордин Юссуфоны, Йосвани Вейтия (54 келі) кениялық Баккари Хассанды, Эрисланди Альварес (60 келі) доминикандық Мигеля де ла Крусты жеңді. Ао Хесус Уильямс (86 келі) Мозамбиктен келген Хулио Габриэля Альбиноны, Хулио Сесар Ла Крус (92 келі) аустралиялық Айкенны Инайиден басым түсті.


Соңғы жаңалықтар