Бокстан әлем чемпионатында Карина Ибрагимова ширек финалға шықты

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Карина Ибрагимова ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Ибрагимова (57 келі) Дженнифер Фернандеспен қолғап түйістірді.

Төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісіне қолдау білдірді. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды. Оған Валерия Ерошенко (Украина) мен Микаэла Уолш (Ирландия) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады. Жекпе-жек 16 мамырға белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Валентина Хальзова (70 келі) мен Гүлсая Ержан (81 келі) жарыстың аталған сатысына шыққан болатын.

Әлем чемпионаты 20 мамырда мәресіне жетеді.



Соңғы жаңалықтар