Бокстан әлем чемпионаты: Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Израиль өкілі Мирославом Капулер-Ищенкомен шеберлік байқасты.

Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында басымдылығын айқын көрсетті. Үшінші раундта нокдаун да тіркелді. Төрешілер есебі – 5:0.


А.Шымбергенов жартылай финалға шығу үшін франциялық Макан Траеоремен таласады. Ол күтпеген жерден төрешілердің бірауыздан шешімімен әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзаваны жеңіп кетті.

Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Нұрбек Оралбай (80 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) және Дулат Бекбауов (67 кг) рингке шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырханның алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.

Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай Ташкентте өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді.

Санжар Тәшкенбай қазақтың көк туын желбіреткісі келетінін айтты.

Сағындық Тоғамбай жарыс жолынан шығып қалды.


Соңғы жаңалықтар