Бокстан әлем чемпионаты: Серік Теміржанов жартылай финалға шыға алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Серік Теміржанов жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белградта 2021 жылы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері С.Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта кубалық, 21 жастағы Сайдель Ортамен жұдырықтасты.

Бірінші раундта төрешілердің төртеуі ұпайды кубалыққа берді. Екінші кезеңде С.Орта басымдықты күшейтті. Жекпе-жек соңында С.Теміржанов тіпті ескерту алды. Есеп 5:0, кубалық спортшының пайдасында.

Бүгін ширек финалда қазақстандық тағы алты боксшы рингке шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтің ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан ширек финалға жолдама алды.

Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты.

Дулат Бекбауов ширек финалға өтті, ал Нұрқанат Райыс ширек финалға шыға алмады.


Соңғы жаңалықтар