+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов өзбек боксшысын жеңді

2021 жылғы 26 қазан 23:16
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов өзбек боксшысын жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сербия астанасы Белград қаласындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин орта салмақтың патшасы атанды Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық айқасы және жоспары туралы айтты

Сәкен өзбек боксшысы 1/16 финалда өзбек Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді. Қарсыласы - тәжірибелі спортшы. 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтыннан алқа таққан.

Жекпе-жек барысында Сәкен ширақ қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс 75 келіде 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 25 қазанда өткен жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалға өтті.

Еске салсақ, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дүбірлі додада төрт спортшыдан өзге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT