Бокстан әлем чемпионаты: Нұрлан Оралбай қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

None
None
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 80 келі салмақта 1/16 финалда бразилиялық Исаяс Фильо қолғап түйістірген еді.

Жекпе-жек барысында Нұрбек жинақы қимыл көрсетті. Қарсыласына көбірек соққы жұмсап үлгерді. Төрешілер оның айқын басымдықпен жеңген деп лайықты бағасын берді.

Нұрбек 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабыржан (54 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райс (75 келі), Айбек Оралбай (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.

Ал кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) молдовалық Василий Чеботарьмен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар