Бокстан әлем чемпионаты: Нұрқанат Райыс 1/16 финалға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сербия астанасы Белград қаласындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық Нұрқанат Райыс алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75 келіде Нұрқанат 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасты. Жекпе-жекті қазақстандық спортшы сәтті өткізді. Қарсыласынан мықты екенін көрсетті. Оған көптеген соққы жасап үлгерді.

Осылайша төрешілер Нұрқанат жеңді деген шешім шығарды. Ол жарыстың 1/16 финалына жолдама алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті .

Еске салсақ, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дүбірлі додада төрт спортшыдан өзге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.


Соңғы жаңалықтар