Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионатының қола жүлдегері Н.Оралбаев 80 келіге дейінгі салмақта түркиялық Каан Айкутсунмен жұдырықтасты.

Бірінші раундта төрешілер түгелдей Нұрбек басым деп тапты. Ол екінші, үшінші кезеңде де сол қарқынынан танған жоқ. Төрешілер есебі – 5:0, Н.Оралбайдың пайдасында.


Бүгін кешкі сессияда Қазақстаннан Махмұд Сабырхан (54 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг) ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырханның алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.

Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай Ташкентте өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді.

Санжар Тәшкенбай қазақтың көк туын желбіреткісі келетінін айтты.

Сағындық Тоғамбай жарыс жолынан шығып қалды.

Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты.




Соңғы жаңалықтар