Бокстан әлем чемпионаты: Махмуд Сабыржан 1/16 финалды еңсерді

None
None
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Махмуд Сабыржан жарыстың келесі сатысына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Махмуд Сабыржан (54 келі) 1/16 финалда Оңтүстік Кореядан келген Ин Кю Киммен қолғап түйістірді. 20 жастағы қазақстандық спортшы шаршы алаң төрінде өзіне сенімді өнер көрсетті. Қарсыласына соққыны көбірек жұмсады. Нәтижесінде төрешілер оны бірауыздан жеңімпаз таныды.

Сондай-ақ, бүгін Айбек Оралбай (92 келі) польшалық Матеуш Березницкимен қолғап түйістіреді.

Одан кейін Саматәли Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучпен шеберлік байқасса, Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі.

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында әзірге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарыстың екі сатысын артта қалдырды.

Ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.



Соңғы жаңалықтар