Бокстан әлем чемпионаты: Ләззат Күнгейбаева финалға жолдама алды

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ләззат Күнгейбаева финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионы, 35 жастағы Ләззат Күнгейбаева аса ауыр салмақта Еуропаның екі дүркін жүлдегері, әзербайжандық Айнұр Рзаевамен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Ләззатты басым деп тапты. Жекпе-жектің екінші бөлігінде олардың бәрі жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Қорытынды есеп – 5:0, Л.Күнгейбаеваның пайдасында.

Осылайша, финалға шыққан Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаева алтын медаль үшін таласатын болса, Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтайға қола жүлде бұйырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында бүгін қазақстандық 6 боксшының финал жолдамасын сарапқа салатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова қола жүлдегер атанды.

Карина Ибрагимова екі дүркін әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.

Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті.


Соңғы жаңалықтар