+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан бір боксшы шығып қалды

2019 жылғы 17 қыркүйек 19:11
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан бір боксшы шығып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында қазақстандық бір боксшы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты Щучьелік шаңғышы Шығыс Еуропа кубогы жарысында үшінші орын алды Қазақстан алғаш рет футбол фристайлынан әлем чемпионатына қатысуда

Бүгін бокстан әлем чемпионатының күндізгі сессиясында үш боксшымыз жұдырықтасқан еді. Солардың арасынан 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Зәкір Сафиуллин 1/8 айналымда 2017 жылғы әлем чемпионы және Панамерика ойындарының екі дүркін жеңімпазы, кубалық Энди Круз Гоместен ұтылып қалды. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті кубалық боксшыға берді.

әйтсе де, осы күні 52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов 1/8 финалда2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері колумбиялық Юберхен Мартинестен айласын асырды. Сонымен қатар, 91 келі салмақта сынға түсіп жатқан тағы бір қазақстандық боксшы Василий Левит те ширек финалға сүрінбей өтті. Ол украиналық қарсыласы Марат Григорянды айқын басымдықпен ұтты.

Енді, кешкі сессияда, Астана уақытымен 20:00-де қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады.

Олар:

69 келі - Абылайхан Жүсіпов - Ник Сыра (Германия)

81 келі - Бекзат Нұрдәулетов - Keno Machado (Бразилия)

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Кадфа (Испания)

57 келі - Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Таиланд).

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионатында әзірге Зәкір Сафиуллиннан басқасы жеңіліссіз келе жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT