Бокстан әлем чемпионаты: Қайрат Ерәлиев жарысты жалғастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қайрат Ерәлиев 1/4 финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Ерәлиев 57 келі салмақта таиландтық Чатчай Бутдимен қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Таиландтық боксшы да оңай қарсылас емес еді. Ол 2015 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2015 жылы Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

Қайрат Ерәлиев 2013 жылы әлем чемпионатында қола алса, 2017 жылы чемпион атанды. Ал 2015, 2017 жылдарда Азия чемпионы болды.

Бұдан бұрын Қайрат Ерәлиев венесуэлалық Йоэль Финольді басым түскен болатын.

Бүгін бұған дейін қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шықты. Олардың екеуі жарысты жалғастыратын болса, біреуі әлем чемпионатын ерте аяқтады.


Соңғы жаңалықтар