Бокстан әлем чемпионаты: Қайрат Ерәлиев жарыстан шығып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қайрат Ерәлиев жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 57 келі салмақта өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалиловпен қолғап түйістірген еді. Дегенмен бұл кездесуде Қайрат қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша жартылай финалға өзбекстандық былғары қолғап шебері жолдама алды.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар қатарынан Сәкен Бибосынов (52 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі) жолдама алған еді.

Сондай-ақ, бүгін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) Германиядан келген Нелви Тилфакпен шаршы алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар