Бокстан Әлем чемпионаты: Карина Ибрагимова жартылай финалға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның қола жүлдегері Карина Ибрагимова Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсекеде қазақстандық боксшының қарсыласы қытайлық спортшы Венлю Янг болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті. 

Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты 24 қарашаға дейін жалғасады. Онда Қазақстан құрамасының атынан он спортшы қатысуда: Әйгерім Қасенаева (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Назым Ищанова (57 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Ақерке Бақытжан (69 келі), Аида Оңдаш (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).

Соңғы жаңалықтар