Бокстан әлем чемпионаты: Финалында екі қазақстандық жұдырықтасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасынан екі боксшы финалда жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері өтіп, нәтижесінде төрт боксшымыз қола медаль жеңіп алса, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов пен +91 келі салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев финалға шыққан болатын

Айта кетсек, жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Сәкен Бибосынов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левит және Абылайхан Жүсіпов бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері:

52 келі:

Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) - Пангал Амит (Үндістан).

57 келі:

Ласаро Альварес (Куба) - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).

63 келі:

Энди Круз (Куба) - Кейшон Дэвис (АҚШ).

69 келі:

Андрей Замковой (Ресей) - Пэт Маккормак (Англия).

75 келі:

Глеб Бакши (Ресей) - Эмир Феликс Марсьяль (Филиппин).

81 келі:

Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Дилшодбек Рузметов (Өзбекстан).

91 келі:

Муслим Гаджимагомедов (Ресей) - Хулио Кастильо (Эквадор).

+ 91 келі:

Қамшыбек Қоңкабаев (Қазақстан) - Баходир Джалолов (Өзбекстан).

Финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 17:00-де басталады.



Соңғы жаңалықтар