Бокстан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев әл біріншілігінде кімдерге сенім артып отырғанын агенттік тілшісіне айтты.

«Боксшыларымыз үшін биылғы жылдың басты додасы алда Ресейде өтетін – әлем чемпионаты. Біз – дайынбыз»,-деді бапкер.

Әлем чемпионатына 8 боксшы барады.

«Жалпы, біріншілікке 8 салмақта әр салмақтан бір-бір боксшы апаруды жөн деп санадық. Атап айтар болсақ, 52 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Қайрат Ерәлиев, 63 келде Зәкір Сафиуллин сынға түссе, қазақтың салмағы атанып кткен «69 келіде» Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде соңғы Азия ойындарында жасындай жарқырап, чемпион атанған Тұрсынбай Құлахметке сенім артып отырмыз. Ал 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов, 91 келіде Василий Левит шаршы алаңға шығатын болады. Ал аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғайды», - деп атап өтті бас бапкер.

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 8-22 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар