Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалға өтті

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дулат Бекбауов ширек финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасты.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі басымдықты үндістандыққа берді. Екінші кезеңде қапталдағы бес қазы түгелдей Дулатты басым деп тапты. Қорытынды есеп те солай болды – 5:0.

Осылайша, Дулат Бекбауов та ширек финалда бақ сынайтын болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтің ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.

Махмұд Сабырхан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты.


Соңғы жаңалықтар