+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бокстан Әлем чемпионаты: Дариға Шәкімова алғашқы жеңісіне жетті

2019 жылғы 4 қазан 19:21
Бөлісіңіз:
Бокстан Әлем чемпионаты: Дариға Шәкімова алғашқы жеңісіне жетті

УЛАН-УДЭ. ҚазАқпарат – Бокстан қыздар арасында Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық Дариға Шәкімова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мен бапкер әзірлеген тактиканы ұстануға тырыстым - Абылайхан Жүсіпов Бокстан әлем чемпионын маңғыстаулықтар қошеметпен күтіп алды Қазақстан бокстан Әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Дариға Шәкімова бүгін Чехиядан келген Мартина Шморзановамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз таныды. Осылайша, Дариға Шәкімова жарыстың 1/8 финалдық сатысына жолдама алды.

Дариға Шәкімова 1988 жылы жүниеге келген. 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Ал 2010, 2015 жылдары Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

Айта кетейік, кеше Назым Қызайбай (51 келі) жапон спортшысы Намики Тсукимиден, Алуа Балқыбекова (48 келі) өзбекстандық Гүласал Султоналиевадан жеңіліп қалған еді.

Еске салайық, бокстан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек Әлем чемпионатына он салмақта шәкірттерін алып барды. Олардың қатарында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дана Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Ақерке Бақытжан (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT