+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін үш қазақстандық шаршы алаңға шығады

2021 жылғы 28 қазан 09:53
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін үш қазақстандық шаршы алаңға шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов және Нұрлан Сапарбай шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Жанқош Тұраров «Батыл жүрекпен» кездеседі Астанадағы кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Тағы 2 қазақстандықтың қарсыластары анықталды

Күндізгі сессияда 1/16 финалда Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда жапониялық Реито Цуцумимен шеберлік байқасады.

Бұдан бұрын Серік моңғолиялық Энх-Амар Хархуумды қапы қалдырған еді.

Сондай-ақ, 1/16 финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездеседі. Ол бұған дейін Тайбэйден келген Ю Линьнің осал тұсын тапты.

Айта кетсек, күндізгі сессия елорда уақытымен 17:00-де басталса, кешкісі 22:00-де ойналады.

Жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадоға есе жіберді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT