Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшы шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боксшылар күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды.

Елорда уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Махмуд Сабырхан (54 келі) Оңтүстік Кореядан келген с Ин Кю Киммен кездессе, Айбек Оралбай (92 келі) польшалық Матеуш Березницкимен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессия 22:00-де басталады. Бұл уақытта Саматәли Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучпен шеберлік байқасады.

Ал Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі.

Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді.

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында әзірге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарыстың екі сатысын артта қалдырды.

Ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадоға есе жіберді.

Одан кейін Нұрлан Сапарбай 92 келіден жоғары салмақта испаниялық Аюб Гадфа Дриссиге жол берді.

Фото: aiba.org
Соңғы жаңалықтар