Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, 31 қазанда ел құрамасынан қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сессияда Махмуд Сабырхан (54 келі) шотландиялық Мэттью Макхейлмен қолғап түйістіреді. Бұдан бұрын ол Оңтүстік Кореядан келген Ин Кю Кимді жеңіп кетті .

Жекпе-жектер елорда уақытымен 17:00-де басталады.

Кешкі сессияда Саматәли Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Сулета Мореномен шеберлік байқасады.

Қазақстандық бұдан бұрын таиландтық Хунатип Пиднучтің осал тұсын тапты.

Одан кейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) неміс Магомед Шахидовпен кездеседі.

Бұл - Асланбектің үшінші жекпе-жегі.

Бұдан бұрын ол ирандық Фархад Моради Аташгахты, өзбек спортшысы Шахрам Гиясовты орта жолда қалдырды .

Ал Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен шаршы алаңға шығады. Ол бұған дейін польшалық Матеуш Березницкиді жеңді.

Бұл уақыттағы жекпе-жектер елорда уақытымен 22:00-де басталады.

Бұл сайыстарды қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды.

Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.



Соңғы жаңалықтар