USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер шаршы алаңға шығады

2021 жылғы 26 қазан 10:48
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер шаршы алаңға шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екі қазақстандық шаршы алаңға шығады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді Ертең Щучинскіде бокстан әйелдер арасында ҚР чемпионаты басталады Головкин ең көп соққы жасайтын боксшылар рейтингіне енді

Ел құрамасынан 51 келіде Сәкен Бибосынов 1/16 финалда өзбек Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді.

Сәкен 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Қарсыласы 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтыннан алқа тақты.

Тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс 75 келіде 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасады.

Жекпе-жек елорда уақытымен 22.00-де «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, 25 қазанда өткен жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалға өтті.

Еске салсақ, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дүбірлі додада төрт спортшыдан өзге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.

Жарысқа Олимпиада чемпиондары, Азия, Еуропа жүлдегерлері, әлем чемпиондары да қатысады деп күтілуде.

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.

Дүниежүзілік дода 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы бүгінге дейін 12 алтын, 13 күміс, 21 қола жүлде алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT