Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін екі қазақстандық жас спортшы шаршы алаңға шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияның Кельц қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бүгін, 14 сәуірде қазақстандық екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, дүниежүзілік додада бүгін 52 және 91 келіге дейінгі салмақта боксшылар шеберлік байқасады. Біздің еліміздің атынан Кенже Мұратұлы мен Мәди Әміров шаршы алаңға шығады. Жарыс елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Жарыстың бірінші күнінде 56 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Ерболат Сабыр алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Венгриялық қарсыласын 5:0 (30:25, 30:25, 30:24, 30:27, 30:25) есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Енді ол 17 сәуірде латвиялық боксшымен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, әлем чемпионатында еліміздің атынан Санжар Тәшкенбай (49 келі), Кенже Мұратұлы (52 келі), Ерболат Сабыр (56 келі), Елнұр Сүйінбай (60 келі), Сабыржан Ақхалықов (64 келі), Нұржан Аманкелді (69 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (81 келі), Мәди Әміров (91 келі) және Аманат Сабырғали (91 келіден жоғары) cынға түседі.


Соңғы жаңалықтар