Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов ирандық қарсыласын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асланбек Шымбергенов (71 келі) 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахпен қолғап түйістірді Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Бірінші раундта ирандық боксшы жарысты жалғастыра алмайтын болды. Төрешілер шешімімен жеңіс Асланбекке берілді.

Жамбыл облысында 1993 жылы дүниеге келген А. Шымбергенов бұдан бұрын 69 келі салмақта сынға түсті. Ол 2018 жылы Жазғы Азия ойындарында күміс алды. Ал ел біріншілігінде екі мәрте алтыннан алқа тақса, екі мәрте күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, бүгін Бек Нұрмағамбет (86 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатына 13 боксшы алып барды. Олардың арасында бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Сондай-ақ, алдағы күндерде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.



Соңғы жаңалықтар