USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов тайпэйлік қарсыласын қапы қалдырды

2021 жылғы 26 қазан 01:09
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов тайпэйлік қарсыласын қапы қалдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сербия астанасы Белград қаласындағы бокстан әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы анықталды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Оралда бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді Ауыр атлетика: Арли Чонтей әлем чемпионы атанды

Абылайхан 67 келі салмақта 1/32 финалда Тайбэйден келген Ю Линьмен шеберлік байқасты.

Алаң жиегіндегі бес төреші де бірауыздан алғашқы екі раундта Абылайханның басымдығын мойындады. Үшінші раундта да дәл осындай жекпе-жек жалғасты. Нәтижесінде қарсыласын қапы қалдырып, 1/16 финалға жолдама алды.

А.Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. 2017, 2019 жылдарда әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс алды.

Ол биылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманың капитаны міндетін атқарады.

Айта кетсек, бүгін бұдан бұрын қазақстандық Серік Теміржанов (57 келі) моңғолиялық Энх-Амар Хархуумды жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Еске салсақ, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов дүбірлі додада олардан басқа Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT