Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов ширек финалға жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абылайхан Жүсіпов Ресейдің Екатеренбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/8 айналымынан асып, ширек финалға жолдама алды.

Атап айтқанда, 69 келі салмақтағы жерлесіміз Абылайхан Жүсіпов бүгін германиялық боксшы Ник Бирді 5:0 есебімен ұтты.

Сондай-ақ, бүгін Василий Левит (91 келі), Сәкен Бибосынов (52 келі) және Қайрат Ерәлиевтер (57 келі) де жеңіске жетіп, келесі айналымға өткен болатын.

Ал 63 келіде жұдырықтасатын Зәкір Сафиуллин кубалық боксшыдан айласын асыра алмай, әлем біріншілігін аяқтады.

Соңғы жаңалықтар