+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов ширек финалға шықты

2019 жылғы 16 қыркүйек 18:35
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов ширек финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық боксшылардың жаңартылған IBO рейтингіндегі орны белгілі болды Атырауда әлем чемпионы Бекзат Нұрдəулетовтің алғашқы кəсіби жекпе-жегі өтеді Екі қазақстандық боксшы үздік ондыққа енді

Қазақстандық боксшы 69 келі салмақта 1/8 финалдық сайыста таиландтық Вуттичай Масукпен қолғап түйістіреді. Қарсыласы бұған дейін екі мәрте Азия чемпионы және 2015 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Абылайхан қазірге дейін 2017 жылы Азия чемпионатында алтын алса, сол жылы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол созған болатын. Сондықтан бүгінгі бәсекеде өзін жақсы қырынан көрсетті. Төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісін мойындады. Нәтижесінде ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

Бүгін тағы бір қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаңға шығады. Кешкі жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады. Ол АҚШ боксшысы Хавьер Мартинеспен шеберлік байқасады.

Бұған дейінҚазақстан боксшылары қатарынан Қайрат Ералиев (57 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) жеңіске жетіп, жарыстың 1/8 сатысына жолдама алды .

Биылғы әлем чемпионатында қазақстандық құрама сапында сегіз саңлағымыз сынға түсуде. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (48 келі), Қайрат Ерәлиев (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT