USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов құрама капитаны міндетін атқарады

2021 жылғы 21 қазан 20:38
Бөлісіңіз:
Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов құрама капитаны міндетін атқарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы капитаны міндетін Абылайхан Жүсіпов атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин ең көп соққы жасайтын боксшылар рейтингіне енді Батыр Жүкембаев 28 рет жеңіске жеткен мексикалықпен жекпе-жек өткізеді Боксшылар бір уақытта бір-бірін нокдаунға жіберді

Дүбірлі додада Сербия астанасы Белград қаласында 24 қараша және 6 қараша аралығында өтеді. Оған баратын қазақстандық боксшылар құрамы белгілі болды. Ұлттық құрама әлем чемпионатында толық құрамда бақ сынауға мүмкіндік алды.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов, Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райс (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артты.

Олардың арасынан Абылайхан Жүсіпов капитандық міндетті атқарады. Ол 1997 жылы Қарағанды облысы Абай қаласында дүниеге келген. 2017, 2019 жылдарда әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс медаль иегері болды. Ол Олимпиада ойындарына қатысқан.

Дүниежүзілік дода 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы бүгінге дейін 12 алтын, 13 күміс, 21 қола жүлде алды.

Айта кетейік, әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ доллар. Жеңімпаз 100 000 доллар алса, күміс жүлдегер 50 000, қола жүлдегер 25 000 доллар алады.

Фото: kfb.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT