Бокстан әлем чемпионаты: 5 мамырда қазақстандық үш боксшы бақ сынайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күні, 5 мамырда ел құрамасынан үш боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда Мали елінен келген Абдул Карим Батилимен кездеседі.

Бұл А рингінде сол күні өтетін алғашқы жекпе-жек болып табылады.

Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен А рингінде алтыншы жұпта қолғап түйістіреді.

Аталған рингте тоғызыншы жұпта Айбек Оралбай (92 келі) әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі.

Ол алғашқы жекпе-жегінде болгариялық Радослав Панталеевті жеңген еді.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Еске салсақ, 4 мамырда Қазақстан құрамасынан Санатали Төлтаев (63,5 келі) Маврикийден келген Колину Ришарноға есе жіберсе, одан кейін Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновтан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар