Бокстан ӘЧ: Жазира Орақбаева алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді

None
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева рингке шықты.

Азия чемпионатының жүлдегері Жазира тайбэйлік Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасып, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раунд басында төреші жекпе-жекті тоқтатып, Жазира Орақбаева айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.


Қазақстандық басқа боксшылар ертең рингке шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында боксшы қыздардың алғашқы қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар