Бокстан ӘЧ: Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс және қола жүлдегері Жайна Шекербекова 54 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Э Чжи Иммен шеберлік байқасты.
Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі Жайна басым деп таныды. Екінші кезеңде де солай болды. Қорытынды есеп – 4:1.
Осылайша, Ж. Шекербекова келесі кезеңге өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Жазира Орақбаеваның алғашқы қарсыласынан нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Римма Волосенко өзбекстандық спортшыны жеңді.
Қарсыласын нокаутпен жеңген Фариза Шолтай 1/4 финалға шықты.
Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандықтың рингке шығатыны хабарланды.
Ал, Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.