Бокстан ӘЧ: Валентина Хальзова мен Фариза Шолтай қола жүлдені қанағат тұтты

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Валентина Хальзова мен Фариза Шолтай қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионы Валентина Хальзова 75 келіге дейінгі салмақта Достастық ойындарының екі мәрте жүлдегері, аустралиялық Кейтлин Паркермен шеберлік байқасты.

Төрешілердің пайымдауынша, бірінші раундта аустралиялық боксшы басымдылық көрсетті. Екінші, үшінші кезеңде де ештеңе өзгерген жоқ. Есеп – 5:0.


Сондай-ақ Фариза Шолтай 2018 жылғы әлем чемпионы, қытайлық Ван Линмен сынға түсті. Мұнда алғашқы екі раунда бес төрешінің үшеуі қытайлыққа берді. Есеп 4:1 болып, қытайлық спортшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Валентина Хальзова мен Фариза Шолтай қола медальмен шектелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында бүгін қазақстандық 6 боксшының финал жолдамасын сарапқа салатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова қола жүлдегер атанды.

Карина Ибрагимова екі дүркін әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар