+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Бокстан ӘЧ: Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті

2019 жылғы 18 қыркүйек 16:42
Бөлісіңіз:
Бокстан ӘЧ: Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екатеринбургта бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстаннан Сәкен Бибосынов бірінші болып жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәкен ширек финалда 52 келіге дейінгі салмақта армениялық Артур Оганесянмен жұдырықтасты.

Бойының ұзындығын пайдаланған С.Бибосынов арақашықтықты сақтай отырып, көбірек ұпай жинай алды. Соның нәтижесінде бес төрешінің төртеуі жеңісті Сәкенге берді.

А.Оганесян де осал боксшы емес. Биыл Минскіде өткен Еуропа ойындарының чемпионы.

Сәкен мұның алдында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, колумбиялық Юберхен Мартинесті ұтқан еді.

Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті деуге болады. Кем дегенде, қола медаль қалтада.

Әлем чемпионаты одан әрі жалғасуда. Бүгін әлі алты боксшымыз рингке шығады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT