Бокстан ӘЧ: Нұрқанат Райыс ширек финалға шыға алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қазақстандықтардан соңғы болып рингке Нұрқанат Райыс шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионатының күміс жүлдегері Н. Райыс 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда бразилиялық Вандерлей Перейрамен күш сынасты.

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі бразилиялық боксшы дәлірек соққы жұмсады деп тапты. Екінші кезеңде басымдық түгелдей Перейраға ауды. Қорытынды есеп – 5:0, бразилиялық спортшы ширек финалға жолдама алды.

Осылайша, бүгін рингте өнер көрсеткен бес қазақстандық боксшының төртеуі ширек финалға шықты.

Әлем чемпионатының ширек финалында барлығы жеті қазақстандық боксшы бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтің ширек финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.

Махмұд Сабырхан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты.

Дулат Бекбауов ширек финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар