Бокстан АЧ: Нұрбек Оралбай қола жүлдені қанағат тұтты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Нұрбек Оралбай қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық, жастар арасында әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Иашайшпен жұдырықтасты.

Шаршы алаңның иесімен сынға түсу қашанда оңай емес. Кейде төрешілердің бүйрегі бұратыны тағы бар. Сондықтан қарсыластан бір бас жоғары болу керек. Бірінші раундта қазылар Нұрбек басымдылығын көрсетті. Екінші кезеңде жағдай шиеленісе түсті. Жеңіс 3:2 есебімен иорданиялық боксшыға берілді.

Н.Оралбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстандықтар үшін бокс кешін Нұрбектің сыңары Айбек Оралбай түйіндейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.

Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты.

Тағы бір қазақстандық әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.

Азия чемпионатында 3 боксшы финалға шықты.

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды.

Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға өтті.

Қамшыбек Қоңқабаев соңғы айқасқа жолдама алды.

Сәкен Бибосынов әлем чемпионын ұтып, финалға жолдама алды.

Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокдаунға жіберіп, финалға шықты.


Соңғы жаңалықтар