Бокстан ӘЧ: Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова бастапқы жекпе-жектерін өткізеді

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова бастапқы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық қыздардың екеуі де Астана уақытымен сағат 18:30-да басталатын кешкі сессияда өнер көрсетеді.

Әлем чемпионы Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Вьетнам өкілі Тхи Там Нгуенмен жұдырықтасады.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен шеберлік байқасады.

Әлем біріншілігі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Жазира Орақбаеваның алғашқы қарсыласынан нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Римма Волосенко өзбекстандық спортшыны жеңді.

Қарсыласын нокаутпен жеңген Фариза Шолтай 1/4 финалға шықты.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандықтың рингке шығатыны хабарланды.

Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Надежда Рябец келесі кезеңге өтті.


Соңғы жаңалықтар