Бокстан ӘЧ: Надежда Рябец келесі кезеңге жолдама алды

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Надежда Рябец келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар арасында әлем чемпионы, Токио олимпиадасына қатысқан қостанайлық Н.Рябец 66 келіге дейінгі салмақта доминикандық Мария Моронта Эрнандеспен шеберлік байқасты.

Н.Рябец алғашқы кездесуінде оңтүстіккореялық Сён Суджиннен сәл ғана басым түскен болатын.

Бұл жолы бірінші раундта төрешілер толықтай қазақстандық боксшы басым деп тапты – 5:0. Ол кездесудің екінші бөлігінде де сол қарқынынан танған жоқ. Қорытынды есеп – 5:0, Надежда Рябецтің пайдасында.

Осылайша, әлем біріншілігінде бүгін рингке шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі келесі кезеңге шықты. Барлығы 9 қазақстандық жарыс жолын жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мәдина Нұршаеваның ширек финалға өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жайна Шекербекова мен Валентина Хальзова ¼ финалға жолдама алды.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшының бақ сынайтыны хабарланды.

Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты.

Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды.

Аида Әбікеева жарыс жолынан шығып қалды.

Римма Волосенко ширек финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар