Бокстан ӘЧ: Надежда Рябец келесі кезеңге өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Надежда Рябец келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар арасында әлем чемпионы, Токио олимпиадасына қатысқан Н.Рябец 66 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Сён Суджинмен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте бірінші раундта төрешілер пікіріне орай Надежда басымдылық көрсетті – 3:2. Екінші кезеңде таразы басы кореялық боксшы жағына ауды – 2:3. Үшінші, шешуші раунд та қызу өтті. Қазылар аз-кем басымдылықпен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, әлем біріншілігі басталғаннан бері Қазақстаннан алты боксшы рингке шықса, олардың бәрі де келесі кезеңге жолдама алды.

Дүниежүзілік дода ертең жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Жазира Орақбаеваның алғашқы қарсыласынан нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Римма Волосенко өзбекстандық спортшыны жеңді.

Қарсыласын нокаутпен жеңген Фариза Шолтай 1/4 финалға шықты.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандықтың рингке шығатыны хабарланды.

Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Соңғы жаңалықтар