Бокстан ӘЧ: Қытай құрамындағы қазақ жігіті әлемнің вице-чемпионын ұтты

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қытай құрамасында өнер көрсететін Данабек Байғазы (Данабиеке Байкевузи) күтпеген нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ жігіті аса ауыр салмақта (+92 кг) армениялық Давид Чалоянмен жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жекте фаворит саналған Д.Чалоянның басқа атақтарын айтпағанда, ол 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері еді. Соған қарамастан, ауыр соққылар өткізген армениялық спортшы бірінші раунда айқын ұтылды – 0:5. Екінші кезеңде есе қайырғандай көрінгенімен, төрешілер жекпе-жек қорытындысына сәйкес жеңісті Данабекке берді.

Жалпы, осы чемпионатта ұлты қазақ боксшылар мен бапкерлер басқа да құрамаларда бар.

Аса ауыр салмақта бүгін қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығады. Оның қарсыласы – ресейлік Алексей Егоров. Егер А.Егоровты ұтса, Қамшыбек ширек финалда олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен қолғап түйістіруі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбайдың қарсыласын нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды.

Талғат Сырымбетов Азия чемпионына жол берді.

Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды.


Соңғы жаңалықтар